Philips HQ8270 Electric Shaver User Manual


 
106

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philipsқа қош
келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен рахатыңызға қолдану
үшін, өзіңіздің өніміңізді www.philips.com/welcome бойынша тіркеуге
отырғызыңыз.
Осы Philips қырыну ұстарасын сатып алғаныңызға рахметімізді
айтамыз. Мына қолданушы нұсқасын оқыңыз, себебі ол осы
ұстараның керемет мүмкіндіктері жөнінде, әрі қырынуды жеңіл
және рахат ететін жақсы кеңестер туралы ақпарат ұсынады.

Осы қырыну ұстарасын, Jet Тазалау Жүйесін қолданар алдында осы
қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз. Қолдану нұсқасын
келешекте қолдану үшін сақтап қойыңыз.

- Адаптор суланбағандығына көңіл бөліңіз (Cурет 1).

- Ыстық сумен абай болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін,
әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп отырыңыз.
- Адапторда трансформер бар. Адапторды кесіп алып тастап, оның
орнына басқа шанышқы қоюға болмайды, себебі бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Осы қырыну ұстарасы және Jet Тазалау Жүйесі егер осы құралды
қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау
алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған
болса, физикалық сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар,
немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар (жас балаларды да қоса)
қолдануына болмайды.
- Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға
болмайды.

- Егер осы қырыну ұстарасы, Jet Тазалау Жүйесі зақымдалған болса,
онымен қолдануға болмайды.
- Ұстараны суға батыруға болмайды. (Cурет 2)
